Румыния Премьер-Министрі отставкаға кететін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румыния Премьер-Министрі отставкаға кететін болды

04.11.2015
Румыния Премьер-Министрі отставкаға кететін болды

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Отставка туралы шешім осы елдегі клубтардың бірінде болған өрт оқиғасынан соң өткен бұқаралық акциялардан соң қабылданды.

«Виктор Понта өзінің мандатынан бас тартты. Болған оқиға бойынша біреу жауапкершілікті мойнына алуы керек. Бұл өте күрделі мәселе және біз оның мүмкіндігінше ертерек шешілуіне ықпал етеміз»,-деді билік партиясының басшысы.  

Осының алдында 10 мың адам қатысқан митинг өтіп, азаматтар Премьер-Министр Виктор Понтаның, Сыртқы істер министрі Габриель Опридің және өртенген клуб орналасқан округ әкімінің орындарынан кетулерін талап етті. 

Colectiv түнгі клубында 31-қазан күнгі түнде өрт болды. Фейерверктер шоуы кезінде шыққан өрт шалған ғимараттан азаматтар шыға алмай қалды. Себебі ғимартта шығантын бірақ есік болған және онда үрейлене ұмтылған адамдар үлкен  кептеліс тудырды.   

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу