Оның сөзінше, Бүкіәлемдік банктің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру мен институционалды реформаларды жүзеге асыру» атты жобасының аясында ДСӘДМ-і мен Финляндияның университеттер мен қолданбалы ғылымдар фендерациясымен әріптестік негізінде 2014 жылдан бастап, медбикелік қызметті жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстандық мамандар финляндиялық әріптестерімен бірлесе отырып, «Медбике ісі» мамандығы бойынша аранайы бағдарлама жасаған. Аталмыш бағдарлама медбикелерге смапалы білім беру мәселесін қарастырады. 2014 жылдың 1-қыркүйегінен бастап, аталмыш бағдарлама елдің 6 медициналық колледжіне ілкі жоба ретінде енгізілді.
Сонымен қатар, қазақстандықтар финляндиялық әріптестерімен бірлесе отырып, 2016-2020 жылдарды қамтитын Қазақстандағы медбикелерге білім беруді жетілдірудің жол картасын әзірледі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.