Елордада пойыз билеттеріне жеңілдіктер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада пойыз билеттеріне жеңілдіктер енгізілді

14.06.2014
Елордада пойыз билеттеріне жеңілдіктер енгізілді
№19/20 «Атырау-Астана», №77/78 «Алматы-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана»жолаушылар пойыздарының «Гранд», «Бизнес» санатты вагондарында жүруге жеңілдіктер енгізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
 
Енді мереке алды және мерекелік күндерінен басқа, демалыс күндері тарифтер жұмыс күндерінің деңгейінде болады.
 
Таратылған хабарламаға сәйкес, «Тұлпар-Тальго» пойызының «Гранд» (СВ) вагонында қосымша санитарлық желімен және жеке душ бөлімі бар бес екі орындық купе бар.
 
«Бизнес» санатты вагондарда (жеке санитарлық желісі жоқ екі орындық) «Гранд» вагондарында секілді жолаушылардың жайлылығы үшін отырғыштардың шынтақ таяныштарына жиналмалы шағын үстелдер орнатылды.
 
Сондай-ақ, әр купе пойыз жолсерігімен байланыстыратын телефонмен жабдықталған.

Хабарламаларға жазылу