Астанада 3-ші қарашада «Шабыт» XVIII Халықаралық жастар шығармашылығының фестивалі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 3-ші қарашада «Шабыт» XVIII Халықаралық жастар шығармашылығының фестивалі ашылады

30.10.2015
Астанада 3-ші қарашада «Шабыт» XVIII Халықаралық жастар шығармашылығының фестивалі ашылады

Астанада 3-8 қараша аралығында «Шабыт» XVIII Халықаралық жастар шығармашылығының фестивалі өтеді.

Байқау өткізіле бастағаннан бері, жас таланттарды анықтауға бағытталған мәдени және музыкалық форумға, тілдесу алаңына айналып үлгерді.

Жыл сайынғы бұл шара еліміздің жүздеген қатысушыларынан бөлек, шетелден келген азаматтардың басын қосады. Биылғы жылы оған 388 адам қатыспақ. Оның 246-сы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің азаматтары.

«Шабыт» ауқымды жоба. Ағымдағы жылы ұйымдастырушылар алғаш рет байқау бағдарламасына спорттық бал биін қосты. Бұл жанрда 14 үздік жұп өнерлерін көрсете алады.

«Жыл сайын «Шабыт» жастар шығармашылық фестиваліне қызығушылық арта түсуде. Бұны байқауға ниет білдіргендердің санынан білуге болады. Сонымен қатар, бұл байқауға шет мемлекеттердің жас әртістерінің қатысуға ниет білдіруі арта түсуде. Биылғы жылы «бал биі» аталымынан бөлек, «Халық музыкасы» («домбыра» және домбырамен ән салу»), «Бейнелеу өнері»  («мүсін» және «Сәндік қолданбалы өнер»), «Классикалық музыка»: «Академиялық ән», «Скрипка», «Альт, виолончель, контрабас», «Фортепиано», сондай-ақ, «Цирктік өнер» аталымы енгізілді, бұл аталымға «Клоунада» мен «Акробатика» кіреді. Байқауға қатысушылар саны артқан соң фестивальдің әділ-қазы құрамының саны да артты, - деді Астана қаласы Мәдениет басқарманың басшысы Болат Мажағұлов. 

Байқауға қатысушылардың шеберліктерін Қазақстан, Германия, Италия, Израиль, Қытай, Ресей, Өзбекстан елдерінің әлемге танымал әртістері бағалайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Шабыт-2015» фестивалінің салтанатты ашылуы «Конгресс-холл» сарайында 3 қараша күні сағат 19:00-де өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу