ХХІ ғасыр жастары – объективте. Елордада осындай атаумен Жастар жылына арналған фоткөрме өтті. Украин халық шығармашылығының IV халықаралық фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, Жастар жылына арнап, өз қолөнер туындыларын, фотосуреттерін көрмеге қойып, көпшілікке ұсынды. Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру.
Любовь Клименко, Украин этномәдени бірлестігінің мүшесі:
Біз бөлектенбейміз және өзімізді бөтен сезінбейміз. Себебі біз - үлкен бір отбасының мүшесіміз. Ұлтымыз бөлек болғанымен, отанымыз бір халықпыз. Ал осындай шаралар арқылы бірлігіміз одан әрі арта түсетіні анық.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «ХХІ ғасыр жастары – объективте» фотокөрмесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/118313/)