Нәримаш Абылқызы: «Шабыт» - фестивалі талантты жастарға жол ашатын байқау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нәримаш Абылқызы: «Шабыт» - фестивалі талантты жастарға жол ашатын байқау

14.10.2014
Нәримаш Абылқызы: «Шабыт» - фестивалі талантты жастарға жол ашатын байқау

Елімізде қараша айының 3-8 аралығында халықаралық «Шабыт» дарынды жастар фестивалі өтеді. Осыған орай Астана қаласының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нәримаш Абылқызы «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бұл – өте маңызды фестиваль. Бұл – фестиваль талантты жастарға жол ашатын байқау. Байқау жастарды шын мәнінде шабыттандырады. Биылғы дайындық өте қарқынды. Шет мемлекеттерден де өтініш білдіріп жатқандар бар.

Қатысушылар «Ұлттық музыка», «Классикалық музыка»,» Хореография», «Ең жақсы әдеби туынды» сынды  тағы басқа да аталымдар борйынша бақ сынайды. Тағы бір айта кететін жайт, биылғы фестивальдің бір ерекшелігі тағы бір аталым қосылды. Ол – «Камералық хор» аталымы»,-дейді Нәримаш Абылқызы.

«Байқауға келген барлық қатысушыларды біз қонақ деп қабылдаймыз. «Шабыт» - бір жағынан байқау болса, екінші жағынан Астанамызды насихаттау. Сол себепті, оларға Астананың көркем жерлерін көрсетуге тырысамыз. Театр, музейлерді аралатамыз. Қазір Астанада қыдыратын жер көп. Бұдан өзге де шаралар ұйымдастырылады».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу