«Меломен» тобы «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Меломен» тобы «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)

08.03.2016
«Меломен» тобы «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Меломен» тобы «Таңшолпан» бағдарламасына келіп, аруларды мерекесімен  шын  жүректен құттықтады. Сондай-ақ, мерекеде аруларға қандай сыйлық сыйлауға болатынын және өздері қандай сыйлық сыйлайтынын айтып берді.

«Қандай сыйлық сыйласаң да ең бастысы -  шын жүрекпен сыйлаған жөн. Шын ниетпен сыйланған сыйлық, қашанда бағалы болады», - дейді Ролан Қазрет.

«Барша аруларымызды сұлулықтың символы ретінде гүлге теңеп жатамыз  ғой. Сондықтан, аналарымыздың, аруларымыздың көңілін көтеру үшін ең  жақсы сыйлық ол -  гүл», -  дейді Жігер Ауыпбаев.

Еске сала  кетейік, «Меломен» тобы  10 наурыз күні Астанадағы «Казмедиа» орталығының концерт  залында  «Қазақстан»  Ұлттық телеарнасының  «Сәлем,  Қазақстан» жобасы аясында концерттерін өткізбек.

Хабарламаларға жазылу