«Таңшолпанда» - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова (ВИДЕО)

30.10.2015
«Таңшолпанда» - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпанда» ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Сарықызы Әйтімова  қонақта  болып, Мемлекет басшысының БҰҰ міндерінде айтқан ұсыныстары, ұйымның жүз жылдығына Жаһандық стратегиялық бастама – 2045 жоспарын әзірлеу бастамалары туралы әңгімеледі.

«Елбасы - БҰҰ мінберінен ерекше  сөйлегендердің бірі болды. Президенттің сөзінің ерекшелігі – тек бүгінгі немесе ертеңгі жағдайды емес, 30 жылдан кейінгі БҰҰ рөлі, міндеті және бүгінгі таңда болып жатқан соғыс, терроризмнің алдын алу бойынша өзінің ұсыныстарын білдірді. 2045  жылға дейінгі жаһандық стратегияны ұсынды», - деді Бірғаным Әйтімова.

Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру туралы ұсынысына тоқталды.

«БҰҰ жиыны кезінде бұрын айтылмаған ұсыныстар болды. Соның бірі - Экономикалық және әлеуметтік кеңес  - Экосос  туралы.  Ол - БҰҰ-ның бір бөлігі. Бұл кеңесті бүгінгі таңда болып жатқан қиын жағдайларды түзететіндей кеңеске айналдыру керек, деді. Оған тек қана 30-35 ел емес, бүкіл мемлекет қатысуы керек. Сонымен қатар, халықаралық қаржы орталықтары, әртүрлі қорлар, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк мүшелері қатысуы керек деген ұсыныс айтты.  Президенттің айтуы бойынша, Экосос  ауқымды кеңеске айналуы керек», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Бірғаным Сарықызы Әйтімова сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу