Бүгін «Таңшолпанда» актер, сценарист, «Сақ» киностудиясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» толықметражды фильмінің сценарийін жазған Сағаділда Үсібәлі қонақта болды.
«Қазақ елі» толықметражды фильмінің сценарийі рекордты уақытта - 15 күннің ішінде жазылды. Әрине, тарихшылардық ақыл-кеңесімен жасалды. Сценарийге Жамбыл Артықбаевтың еңбектерін қолдандық. Есімі елге әйгілі Дулат Исабековтің кеңесін алдық», - дейді Сағаділда Үсібәлі.
Сондай-ақ, ол фильмге алғаш рет сценарий жазғанын айтты.
«Бұл – үлкен жобадағы алғашқы жұмысым. Бұрын кішігірім қойылым, 7-10 минуттық интермедиялардың сценарийін жазатынмын. Олардың бәрін жинасам, кітап болып қалады. Бейнебаян түсірумен де айналыстым. Осының бәрі фильм сцернарийіне деген құмарлығымнан туындаса керек», - дейді сценарист.
Сағаділда Үсібәлінің сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.