Бүгін Астанада «Талан» фильмінің тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада «Талан» фильмінің тұсаукесері өтеді

20.09.2018

Бүгін Астанада «Талан» фильмінің тұсаукесері өтеді.  Осыған орай «Таңшолпанның» бүгінгі мерейлі қонағы – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, режиссер Болат Қалымбетов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актриса Шынар Жанысбекова.

«Бүгін Елорданың төрінде «Талан» фильмінің тұсаукесері. Келемін деушілерге есік ашық. 

2003 жылы «Сардар» киносынан кейін мен біраз демалдым. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында сабақ бердім. Қазақша ойлайтын, сөйлейтін балаларды таңдап, оқытып, тәрбиеледім. Одан басқа режиссер Сәбит Құрманбетовтың фильміне түстім. Бірақ режиссер ретінде осы киноны күттім. Өнер адамы ретінде 12 жыл мен үшін бір ғасыр болып көрінді.

«Талан» - психологиялық драма жанрында түсірілген фильм. Фильмнің сценарийі жазушы Ж.Қорғасбектің «Қасқыр адам» повесінің желісі бойынша жазылды. Өнер болғаннан кейін беріліп істеу керек. Бұл біздің тарихымыз. Киноны барлық жастағы адамдар көруіне болады. Киноның ерекшелігі – ой тастайды. Көрермендер бағасын беріп жатыр», - дейді Болат Қалымбетов.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу