Бүгін - қазақтың біртуар азаматы, ақын, Отан үшін отқа түскен арда азамат - Мұзафар Әлімбаевтің мерейлі туған күні. Осыдан 92 жыл бұрын қасиетті Кереку өңірінде дүниеге келген тау тұлғаның негізгі өнер, білімге деген ынтызарлығы бала кезінен байқалған.
5 жасынан әліпті әріп деп танып, оқуға зерек болған бала Мұзафардың ерте есейіп, қалыптасуына, ата-анадан жастай айырылуы да әсер еткен.
Ақынның бірнеше шет тілінен аударған нақыл сөздері, жаңылтпаш, мақал-мәтелдері де бүгінде көптің көкейінде. Әсіресе «Балдырғанмен» сусындап өскен әр балақайдың жадында сайрап тұр.
Жазушы әрі аудармашы Мұзафар Әлімбаевті туған халқы, сондай-ақ, әсем әндері арқылы да жақсы таниды. Шәмші, Әсет, Ілиядай дарындардың әсем әндерін келісті сөздермен өрнектеген талай әндері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.
Мұзафар Әлімбаевтің шығармашылық әлемі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.