Таңғы кеңес: Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңғы кеңес: Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады?

28.10.2015
Таңғы кеңес: Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады?

«Таңшолпан» ұмытшақтықтың алдын алуға арналған кеңес ұсынады:

  • Кітап оқыңыз

Кітап оқы кезінде ми жұмысын жетілдіресіз. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруына себепші болады.

Сол арқылы оқу – сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіреді. Сөздік қорыңызды байытады.

  • Компьютер ойындарын ойнаңыз

Бірақ миды жаттықтыру үшін жарты сағат не бір сағат жеткілікті. Логикалық ойындарды ойнау барысында ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды.

  • Не нәрсені үйренгіңіз келеді?

Не керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күшіңізді жаңа әуес іске жұмсаңыз. Ешқашан айналыспаған істі істеңіз. Миыңыздың белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.

  • Ұйқыға көңіл бөліңіз

Миды сергек қалыпта ұстау үшін 8 сағаттық ұйқы керек. Сондықтан оған ертеңгі қиындықты шешу үшін жақсы демалыс керек.

Есте сақтау қабілетін  жақсарту туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу