Гонконгте паром апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгте паром апатқа ұшырады

26.10.2015
Гонконгте паром апатқа ұшырады

Қытайда паромның су астындағы объектімен соқтығысуы салдарынан 124 адам жапа шеккен.

Макаодан Гонконгке аттанған паром 163 жолаушыны тасымалдаған. Оның бортында сонымен қатар, 11 экипаж мүшесі болған.

Оқиға орнына қайықтар жіберілді. Ал, Гонконг пирсіне жедел жәрдем көліктері келіп, жапа шеккендерді ауруханаға тасуда.

Жергілікті БАҚ ақпаратынша, бес адамның жағдайы ауыр.

Хабарламаларға жазылу