Перуде автобус апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде автобус апатқа ұшырады

19.09.2023

Жол көл оқиғасы Перуде тіркелді. Мұнда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап 24 адам қаза тапты. Жараланғандар бар. Алайда олардың нақты саны белгісіз. Көлікте қанша жолаушы болғаны да әлі айтылған жоқ. Елдің көлікті қадағалау агенттігінің мәліметінше, автобус жақында қауіпсіздік тексерісінен өткен. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру құжаты да бар. Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны белгісіз.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу