Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері көз жұмды
Қарағанды аэродромында шағын авиация санатындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті.
«Бүгін сағат 16:25 кезінде оқу-жаттығу шараларын орындау кезінде қонуға бағыт алған FK14 «Полярис» типті жеңіл авиация ұшағы апатқа ұшырады. Апат Балапан әуеайлағында (Қарағанды) орын алды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2 адамнан тұратын экипаж қаза болды», - делінген хабарламада.
Аталған авиациялық апат бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша басқарамасы тексеру шараларын бастап кетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде «Келешек мектеп» пайдалануға берілді
13.01.2026, 13:18
Мемлекеттік секторда AI-агенттер саны артады
13.01.2026, 13:15
Жаңаөзенде түйенің құрғақ сүтін өндіретін цех іске қосылды
13.01.2026, 13:12
Тұрғын үйді жалдау қымбаттап барады
13.01.2026, 13:09
Трамп Иранға жақындаған елдерге доқ көрсетті
13.01.2026, 13:06
Израиль Газа секторын тағы шабуылдамақ
13.01.2026, 13:03
Оралда медицина қызметкерін ұрған күдікті қамалды
13.01.2026, 13:00
Қызылордада 100 жас маманға пәтер берілді
13.01.2026, 10:24