Медеу Серікұлы: Биылғы Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалінің қояр талабы қатаң (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медеу Серікұлы: Биылғы Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалінің қояр талабы қатаң (ВИДЕО)

22.10.2015
Медеу Серікұлы: Биылғы Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалінің қояр талабы қатаң (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ басқарма басшысы Медеу Серікұлы  қонақта болып, биылғы Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі туралы әңгімеледі.

«Жыл сайын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалін ұйымдастырады. Биылғы шара 25-27 қазан аралығында Астана қаласында өтеді.  25-26 қазан күндері байқаудың іріктеу кезеңі болады. Фестивальдің үшінші күнінде қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өткізу жоспарлануда. Онда жеңімпаздар әншілермен бірге өнер көрсетеді», - дейді Медеу Серікұлы.

Сондай-ақ, ол биылғы фестивальдің ерекшеліктеріне тоқталды.

«Биылғы шараның ерекшелігі  -  бұрын фестивальге қатысуға өтініш көп түсетін. Биыл барлық облыс әкімдіктері, Астана мен Алматы қаласының әкімдіктеріне тапсырма берілді. Жергілікті жерде байқаудың бірінші кезеңі өтті. Іріктеуден өткен қатысушылар енді фортепианоның сүйемелдеуімен жанды дауыста ән орындайды.  Өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалайды», - дейді Медеу Серікұлы.

Фестивальдің өзге де ерекшелігі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу