Елордада «Шәмші Қалдаяқов - ән патшасы» атты роман-эссенің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Шәмші Қалдаяқов - ән патшасы» атты роман-эссенің тұсаукесері өтті

24.03.2022

Бүгін елордада журналист, қаламгер Еркінбай Әкімқұловтың  «Шәмші Қалдаяқов - ән патшасы» атты роман-эссенің тұсаукесері өтті.

Ұлттық академиялық кітапханада жиналған қоғам қайраткерлері мен депутаттар туынды оқырманның қазақ мәдениеті мен әнімен жақын танысуға мүмкіндік ашады дейді. Кітапта қазаққа 300-ге тарта ән қалдырған Шәмші тұлғасының сан қыры баяндалған. Оның шығармашылық ізденістерін барынша суреттейді. Романның екі басылымы да Қазақстанның барлық кітапханаларында оқырмандарға қолжетімді.


Хабарламаларға жазылу