Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы өтуде

21.10.2015
Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы өтуде

Байқауға мектеп оқушысынан бастап, ірі кәсіпорындарға дейін әр түрлі дәрежедегі өнертапқыштар мен рационализаторлар қатыса алады.

Байқау «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал» сияқты бес аталым бойынша өтеді.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 18 600 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, байқауда жеңіске жеткен оқушылар, журналистер, жас ғалымдар танымдық сапар аясында Ұлыбританияға бару мүмкіндігіне ие болады.

«Үздік жас ғалым» аталымындағы жеңімпаз Лондонда өтетін FameLab халықаралық байқауында ел атынан сынға түседі.

Қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін «ТДҰА» АҚ-ның ресми сайтында  www.natd.gov.kz онлайн үлгісінде қабылданады, оқушылар өз өтініштерін 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жібере алады.

Хабарламаларға жазылу