Бүгін республикалық «Инновациялар апталығы» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін республикалық «Инновациялар апталығы» басталды

10.11.2015
Бүгін республикалық «Инновациялар апталығы» басталды
Биыл екінші рет ұйымдастырылған жарысқа басында барлығы 200 команда өтініш берген.

Бүгін Республикалық «Инновациялар апталығы» басталды. Фестиваль аясында Алматыда «EXPO Startup Day» жаңа жобалар байқауы өтті.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде отандық және шетелдік сарапшылар жаңа энергетика саласындағы келешегі мол жобаларды анықтады. Биыл екінші рет ұйымдастырылған жарысқа басында барлығы 200 команда өтініш берген.

Солардың ішінен сүрінбей өткен 90 топ ақтық сында бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жобалар мемлекет және инвесторлар тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу