«EXPO Startup Day» жаңа жобалар байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EXPO Startup Day» жаңа жобалар байқауы басталды

10.11.2015
«EXPO Startup Day» жаңа жобалар байқауы басталды
Биыл екінші рет ұйымдастырылған жарысқа барлығы 200 команда өтініш берген.

Бүгін республикалық «Инновациялар апталығы» фестивалі аясында Алматыда «EXPO Startup Day» жаңа жобалар байқауы басталды.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде отандық және шетелдік сарапшылар жаңа энергетика саласындағы келешегі мол жобаларды анықтамақ.

Биыл екінші рет ұйымдастырылған жарысқа барлығы 200 команда өтініш берген.

Солардың ішінен сүрінбей өткен 90 команда ақтық сында бақ сынауда. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп табылған жобаларға мемлекет және инвесторлар тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу