Елімізде Жалпыұлттық инновациялар байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Жалпыұлттық инновациялар байқауы өтеді

30.06.2015
Елімізде Жалпыұлттық инновациялар байқауы өтеді

Елімізде Жалпыұлттық инновациялар байқауы өтеді. Биыл шара мектеп оқушыларынан бастап, студенттерді, ірі кәсіпорындарды қамтымақ.

Ұйымдастырушылар бұл маңызды жобаның ел экономикасын дамытуға серпін беретініне сенімді. «Сондықтан, шара тек қалалық жерлерде ғана емес, ауыл-аймаққа таралса», дейді. 

Байқауға қатысу үшін құжаттар күз айларында қабылдана бастайды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сондай-ақ, отандық ғылымды дамытатын тағы бір тың жоба туралы айтылды.

Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы әріптестік бағдарламасы дарынды жастарды анықтауға мүмкіндік бермек.  

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

 

Хабарламаларға жазылу