Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль аяқталды

21.10.2015
Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль аяқталды

14-20 қазан аралығында Қызылорда облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль өтті.

Бұл туралы Қызылорда облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте 227 ұпаймен Қызылорда облысының командасы – бірінші орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ 200,5 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысы – екінші, ал 177,5 ұпаймен Жамбыл облысы үшінші орынға табан тіреді.

Кезекті фестиваль жалауын Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев Ақтөбе облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Бақтияр Түлеуовке табыстады.

 

 

Хабарламаларға жазылу