Қазақстанның көкпар құрамасы Қытайда өткен турнирде топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның көкпар құрамасы Қытайда өткен турнирде топ жарды

22.07.2014
Қазақстанның көкпар құрамасы Қытайда өткен турнирде топ жарды

Қытайда Іле-Қазақ автономиялы облысының құрылғанына 60 жыл толуына байланысты 12-17 шілде күндері ұйымдастырылған көкпар жарысы аяқталды, деп хабарлайды ulttyqsport.kz

Жарыс Қытайдағы Моңғолкүре ауданының Қарағанты жайлауында өтті. Достық кездесуге Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және жергілікті Қытай қазақтарының көкпар ойыншылары қатысты. Финалда қазақ көкпаршылары Қытай командасын ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бас жүлдеге 50 июань берілді.

«Үш күнге жалғасқан көкпарды тамашалауға 10 мыңнан астам көрермен жиналып, ыстық ықыласын танытты. Халықтың мұндай қызығушылығы, бізді сөзсіз қуантты», - дейді, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібай.

 

Хабарламаларға жазылу