Atlanta Photojournalism Seminar фотобайқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Atlanta Photojournalism Seminar фотобайқау жариялайды

17.10.2015
Atlanta Photojournalism Seminar фотобайқау жариялайды

Atlanta Photojournalism Seminar фотобайқау жариялайды.

Сайысқа фоторепортаждан бөлек  2014 жылдың 1 қарашасынан 2015 жылдың  31 қазаны аралығында түсірілген суреттер қабылданады.

Байқау 12 аталым бойынша өтеді. Олар – қысқа және жалпы жаңалықтар, спорттық шаралар, халықаралық жаңалықтар, мультимедиа және т.б.

Сондай-ақ, фотожурналист  портфолиосы үшін берілетін үздік портфолио немесе Rich Mahan Best Student Portfolio (студенттерге  арналған) сыйлығы бар.

Үздік портфолио жеңімпазына 1 000 АҚШ доллары, ал Rich Mahan Best Student Portfolio үшін 750 АҚШ доллары сыйақы беріледі. Ал, әр аталым үздіктері 100 АҚШ доллары сыйақы алады.  Арнайы сыйлық иегеріне 500 АҚШ доллары берілмек.

Айта кетейік, өтініштер 11 қарашаға дейін қабылданады. 

 

ФОТО: tverigrad.ru

Хабарламаларға жазылу