14 қазан - Дүниежүзілік стандарттар күніне орай Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Стандарттар – дүниежүзі сөйлейтін тіл» атты дөнгелек үстел отырысы өтеді. Шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС ұйымдастырмақ.
Басқосуға Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері мен оқытушылары, мемлекеттік органдардың, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің өкілдері, өндірушілер және тұтынушылар қатысады.
Сондай-ақ, шара барысында «Жылдың үздік жас стандарттаушы» байқауының женімпаздары марапатталмақ.