Алматы хайуанаттар бағында кішкентай керік 2 қыркүйек күні дүниеге келген. Бүгінде қоршаған ортаға бейімделуде.
Ол – зообақта өмірге келген керіктің 11-ші төлі екен. Анасы – Грация мен әкесі – Хан хайуанаттар бағына 2013 жылы Оңтүстік Африкадан әкелінген.
Керіктің салмағы – 44 келі. Бойының ұзындығы – 1,7 метрге жуық. Бірақ оған әлі есім берілген жоқ.
Зообақ қызметкерлері әдемі есімге байқау жариялады. Керіктің баласына ат қоюға кез келген адам қатыса алады. Тек ұсынысты зообақ сайтына қалдыру керек.
Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.