Алматыда Наурыз мейрамына орай «Жануарлар шеруі» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Наурыз мейрамына орай «Жануарлар шеруі» өтеді

18.03.2014
Алматыда Наурыз мейрамына орай «Жануарлар шеруі» өтеді
Алматы Хайуанаттар бағында Наурыз мейрамы қарсаңында «Жануарлар шеруі» өтеді. Бұл туралы қалалық хайуанаттар бағының баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Мерекелік күндерде Хайуанаттар бағында Шығыс күнтізбесі «жануарларының шеруі» ұйымдастырылады.
 
«Келушілер олармен суретке түсетін болады. Сондай-ақ, балалар мен ересектерге зообақ бойынша тегін экскурсия, ұлттық тағам түрлерінен дастархан, сайқымазақтардың қатысуымен шоу-бағдарлама ұйымдастырылатын болады», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу