Иерусалимде екі жерде мықты жарылыс болды, зардап шеккендер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иерусалимде екі жерде мықты жарылыс болды, зардап шеккендер бар

13.10.2015
Иерусалимде екі жерде мықты жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Бұл туралы Израиль телеарналарына сілтеме жасап Риа-Новости агенттігі хабарлады.   

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, жолаушылар көлігіне оқ атылып, адамдары қасақана көлікпен қағу әрекеттері орын алған. Осы әрекеттердің салдарынан бір адам мерт болып, бірнеше адам жарақат алды.

Полиция қызметі әзірге тек ең анық деген мәліметтерді ғана жария  етіп отыр.

Израильдің екінші телеарнасының хабарлауынша, автобусқа жасалған шабуыл салдарынан бір адам мерт болып, 16 адам жарақат алған ал, адамдарды көлікпен қаққан кезде 3 адам зардап шекті.  

 

 

Хабарламаларға жазылу