Нидерландыда пошта бөлімшелерінде 2 жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландыда пошта бөлімшелерінде 2 жарылыс болды

12.02.2020

Нидерландының Амстердам және Керкраде қалаларындағы пошта бөлімшелерінде екі жарылыс болды. Алдын-ала болжам бойынша, бомба хатпен бірге келген.

Жарылыстың алғашқысы Амстердамда таңғы сағат 8-дерде болды. Бір сағаттан кейін дәл осындай жағдай елдің оңтүстігіндегі Керкраде қаласында қайталанған. Полицияның айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Барлық адамдар ғимараттан дер кезінде эвакуацияланып үлгерген.

Пошта бөлімшелерінің хабарлауынша, жарылғыш заты бар хаттар кеңселерге бұрын да жіберіліп отырған. Алайда, бұған дейін олар іске қосылмапты. Қазір құзырлы органдар аталған екі оқиғаның өзара байланысын тексеріп, тергеу жүргізіп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу