Елорданың қақ ортасындағы 2 дәмханадан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың қақ ортасындағы 2 дәмханадан өрт шықты

05.03.2021

Елорданың қақ ортасындағы екі бірдей дәмханадан өрт шықты. Будақтаған қара түтін тұрғындардың зәресін алды.

Достық көшесінің бойындағы «Избушка» және «Дастархан» кафелері көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Тұрғындар бұл оқиға туралы бірден әлеуметтік желіге жазып, жарылыс бола ма деп қауіптенетінін жазған. Олардың сөзінше, дәмхана ішінде үлкен газ баллондары орнатылған. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер қызыл жалынды жылдам өшіріп үлгерді. Сағат 11:48 -де хабар түсіп, 12:10-да сөндірілді. Өрт «Дастархан» кафесінің ас үйінен тұтанғаны белгілі болды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу