Қазақ радиосының төл туындысы - «Ұлы дала дауысы» радиофестивалінің «Дәстүрлі ән», «Күйші», «Этноаспаптық ұжымдар» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда. Дауыс беру 15 қазанда тоқтатылады.
Өнер додасында «Күйші» алатымы бойынша 6 үміткер бақ сынап жатыр. Олар Жарас Сатыбалдиев, Бақытжан Дүйсенғазиев, Жарас Сәдуақасов, Саян Ақмолда, Дамир Абашев, Мақпал Манасбаева.
Айта кетейік, бұл аталым бойынша дауыс берудің алғашқы апталық қорытындысында Жарас Сатыбалдиев, Бақытжан Дүйсенғазиев және Мақпал Манасбаева 40 пайыздық дауысқа ие болып, финалға жолдама алды.
Енді келесі кезеңде үміткерлердің өнерін кәсіби мамандар мен радиофестивальді ұйымдастыру тобы бағалайтын болады.
«Ұлы Дала дауысының» жүйріктерін бірге анықтайық, http://daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс беріңіздер!