Қазақстандық жас өнертапқыштар жасаған GPS трекердің көмегімен баланы онлайн режимде бақылауда ұстауға болады. Бұл құрылғы - «Мангуст» отбасылық қауіпсіз жүйесі деп аталады.
«Бұл кішкентай құрылғының көмегімен балаңыздың қай жерде екенін анықтай аласыз. Ол өте берік әрі судың астында да жұмыс істейді. Бұл жоба ғылыми-зерттеу кезеңдерінен өтті. Әлемнің кез келген нүктесінен сигналды қабылдайды. Ұялы телефонның қосымшасынан мәліметтерді ала аласыз», - дейді өнертапқыш Евгений Щербатов.
«Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды. Басқа жобалардан ерекшелігі – спутниктік жүйеден тәуелсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылғының қуаты 20 күнге дейін жетеді.
«Мангуст» жобасы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.