Жапондық Epson компаниясы қағаз қалдықтарынан таза қағаз түрін шығаратын PaperLab құрылғысын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапондық Epson компаниясы қағаз қалдықтарынан таза қағаз түрін шығаратын PaperLab құрылғысын ұсынды

20.12.2015
Жапондық Epson компаниясы қағаз қалдықтарынан таза қағаз түрін шығаратын PaperLab құрылғысын ұсынды

Құрылғы кеңсеге арналған материалды қайта өңдеп, таза қағаз түрінде шығарады.

Epson компаниясы ұсынған PaperLab қондырғысының өңдеу жұмыстары әзірге құпия. Қондырғы пайдаланылған қағазды ұсақтап, қара сияны талшықтардан ажыратып, қағазды қайта таза күйінде шығарып береді. Қазірше, PaperLab A4 және А3 форматындағы қағазды өңдейді. Ал, қағаздың тығыздығы мен қалыңдығын, түр-түсін пайдаланушы өзі таңдап, нұсқаулық бере алады.

Қағаздың әртүрлі түрін шығару үшін PaperLab құрылғысы химиялық реагенттерді қолданады. Құрылғының материалды өңдеудегі жылдамдығы жоғары. Epson компаниясының жаңа құрылғысы алғаш Жапония елінде 2016 жылы сатылымға шықпақ. Құрылғы бағасы әзірге белгісіз.

Хабарламаларға жазылу