«Көңілашар» Тұрсынбек Қабатовпен (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көңілашар» Тұрсынбек Қабатовпен (ВИДЕО)

04.10.2015
«Көңілашар» Тұрсынбек Қабатовпен (ВИДЕО)

«Көңілашар» бағдарламасында үздік әзілкештер сайысқа түседі. Байқауға қатысушылар Қазақстанның барлық өңірінде ұйымдастырылған кастинг бойынша іріктеліп алынған.

Сайыскерлер  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінде жеңіс үшін бақ сынасады. Финалға жобаның  бес қатысушысы шығады және олар «Әзіл әлемі» театрының резиденттері атанады.

Сайыс «Актерлік шеберлік», «Импровизация» сынды бірнеше айналымнан тұрады. Қатысушылар «Актерлік шеберлік»  айналымында өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетсе, «Импровизация» айналымында  ойлау қабілеті мен  тапқырлығы сыналады.

Қазылар алқасы құрамында Көңілді тапқырлар клубының жұлдызы – Құмар Лұқманов, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық әртісі – Сайлау Қамиев, сондай-ақ, «Әзіл әлемі» театрының директоры және әртісі – Тұрсынбек Қабатов бар.

Көңілді кештің куәсі болыңыздар!

«Көңілашар» хабары 5 қазаннан бастап, дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 23.35-те эфирге шығады. 

Хабарламаларға жазылу