«Көңілашарда» Ғаділбек Жанайдың тобы У.Шекспирдің «Отелло» қойылымын ұсынды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көңілашарда» Ғаділбек Жанайдың тобы У.Шекспирдің «Отелло» қойылымын ұсынды (ВИДЕО)

20.11.2015
«Көңілашарда» Ғаділбек Жанайдың тобы  У.Шекспирдің «Отелло» қойылымын ұсынды (ВИДЕО)

«Көңілашар» әзіл-сықақ бағдарламасында тараздық Елдос Қадірханов сайысқа түсті. Оны қолдаған -  Ғаділбек Жанайдың тобы.

Олар У.Шекспирдің «Отелло» шығармасын қойып, қазылар алқасының қошеметіне бөленді.

«Елдос Қадірханов рөлді жақсы сомдады. Диалог та әдемі шықты. Бір-біріңізді түсінгендеріңіз көрініп тұр. Бұл образ Елдосқа жарасып тұр. Қойылым ұнады», - деді Тұрсынбек Қабатов.

Айта кетейік, Елдос Қадірхановтың қарсыласы Гүлмира Жакилинаның тобы  У.Шекспирдің  «Гамлет» шығармасын сахналады. 

Хабарламаларға жазылу