«Қазақстан» телеарнасынан әзілкештер сайысын тамашалаңыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасынан әзілкештер сайысын тамашалаңыздар

02.10.2015
«Қазақстан» телеарнасынан әзілкештер сайысын тамашалаңыздар

«Көңілашар» театрының әртістерінің нағыз, тума талант әзілкештерінің әзілдері халық ойынан шығады деген ойдамыз.

Жобаның әрбір бағдарламасы – күлкілі монологтардың, жақсы әндер мен мың бұралған бишілердің және керемет көңіл-күйдің ғажайып кеші!

«Көңілашар» жобасының ұйымдастырушылары қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін көрермендерге жеткізудің жолы ретінде әзілді таңдады.

Еліміздің ең үздік әзілкеші Тұрсынбек Қабатов бастаған бағдарламаның бір топ қатысушылары жалпы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайды.

Жобаның продюсері, әрі жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов өз жобасы жайында: «Бұл бағдарлама көрермендерге әзіл мен мысқылдау арқылы маңызды мәселелер туралы ой салады. Елімізде танымал әзілкештер жоқтың қасы. Біздің көрермендер үшін жаңа бағыттағы әзіл қажет. Сапалы әзілдердің аз болуына байланысты, көрермендеріміз шетелдік телеарналарға ауысуда.

Бағдарламамызда Қазақстанның түкпір-түкпірінен халық арасынан шыққан үздік әзілкештерді таңдаймыз. Олар бұл өнерді театрдан меңгерген жоқ, кәсіби әртіс те емес. Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, кастингқа қатысқан үш жүз адамның ішінен жүз жиырма адамды іріктедік.

Іріктеуден өткен адамдар «Қазақстан» телеарнасының эфирінде жеңіс үшін бақ сынасатын болады. Финалға жобаның үздік бес қатысушысы шығады және олар «Әзіл әлемі» театрының резиденттері атанады. Бұл бастамаға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ұсыныс жасап, осылайша біз «Көңілашар» атты жобаны жасадық», деді.

Бағдарламада бірнеше айдар болады. Олар: «Актерлік шеберлік», «Импровизация» және т.б. «Актерлік шеберлік» айдарында қатысушылар өздерінің әртістік шеберлігін көрсетсе, «Импровизация» айдарында олар өздерінің ойлау қабілетін және күрделі жағдайлардағы тапқырлығын көрсетеді.

Қатысушылардың өнерін Көңілді тапқырлар отауының (КВН) жұлдызы – Құмар Лұқманов, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық әртісі – Сайлау Қамиев, сондай-ақ «Әзіл әлемі» театрының директоры және әртісі – Тұрсынбек Қабатовтан құралған әділ-қазылар алқасы бағалайды.

Еліміздің ең әзілкеш адамдары көрермендердің көзайымы және «Көңілашар» бағдарламасының жеңімпазы атану үшін күресетін болады. «Ережесіз күлкі» бағдарламасын «Қазақстан» телеарнасының эфирінен 5-қазаннан бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 23.35-те тамашалаңыздар, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз-қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу