«Көңілашарда» Ләйлә Сұлтанқызының тобы «Ромео мен Джульетта» қойылымын ұсынды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көңілашарда» Ләйлә Сұлтанқызының тобы «Ромео мен Джульетта» қойылымын ұсынды (ВИДЕО)

18.11.2015
«Көңілашарда» Ләйлә Сұлтанқызының тобы «Ромео мен Джульетта» қойылымын ұсынды (ВИДЕО)

«Көңілашар» әзіл-сықақ бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызының тобы «Ромео мен Джульетта» қойылымын ұсынды.  Қойылым қазылар алқасының көңілінен шығып,  ең жоғары ұпай жинады.

«Әлемдік классиканың жауһары – Шекспирден басталып, қазақтың махаббатына айналды. Қабыл «суға салсаң - батпайтын, отқа салсаң - жанбайтынын» көрсетті. Әзілді де, драма, трагедияны да ойнағалы тұр. Бұл топтың фантазиясы, импровизациясы ұнады. Керемет көңіл-күй сыйлады», - деді қазылар алқасының мүшесі Сайлау Қамиев.

Сондай-ақ, Тұрсынбек Қабатов Ләйлә Сұлтанқызының тобы  берілген тапсырманы орындағанын, өте жақсы қойылым болғанын айтты.

«Көңілашар» әзіл-сықақ бағдарламасының толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу