Қарағандыда футболдан «Көктем-Күз 2015» Ұлттық студенттік лига ойындары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда футболдан «Көктем-Күз 2015» Ұлттық студенттік лига ойындары ашылады

03.10.2015
Қарағандыда футболдан «Көктем-Күз 2015» Ұлттық студенттік лига ойындары ашылады

Бүгін Қарағанды экономикалық университетінің ғимаратында ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің қатысуымен «Көктем-Күз 2015» футболдан Ұлттық студенттік лига ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Турнирге Қарағанды экономикалық университетінің  «Қазтұтынуодағы», «Болашақ» Қарағанды университетінің «Болашақ», Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің (ҚМТУ), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің «ҚМУ» командалары қатысады.

«Көктем-Күз 2015» чемпионатының топтық кезеңіне 16 команда қатысады (Астана – 3 команда, Алматы – 6, Шымкент – 5, Қарағанды - 2).  Олар жеребе бойынша төрт топқа бөлінеді. Ал, финалда үздік төрт  команда бақ сынайды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, финал қараша айында Алматыда өтеді. 

Хабарламаларға жазылу