Астанада «Жастар жалыны - 2015» фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жастар жалыны - 2015» фестивалі өтеді

03.03.2015
Астанада «Жастар жалыны - 2015» фестивалі өтеді

Бүгін Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бастамасымен  белсенді және шығармашыл студенттерді біріктіретін «Жастар жалыны - 2015» («Студенттік көктем – 2015») ауқымды жастар шығармашылығы жобасы басталады.

Фестиваль эстрадалық ән, фотокөрме, мүшәйра, халық билері аталымдары бойынша өтеді.  Шарада жанкүйерлер жарысы да ұйымдастырылады.  Сондай-ақ, «Астананың ең үздік студенттік шығармашыл командасы» анықталады.

Сонымен қатар, биылғы сайыста  Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы секілді мерейтойларға орай жаңа «Үздік студенттік театр», «Үздік селфи», «Студенттің бір күні туралы үздік ролик» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталмақ, деп хабарлайды astana.kz.

Айта кетейік, 2014 жылы Жастар кубогын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері иеленген.

 

Хабарламаларға жазылу