Астанада «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» байқауының жеңімпаздары анықталды

01.10.2015
Астанада «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» байқауының жеңімпаздары анықталды

Аталмыш байқау 2013 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Ол мүгедектігі бар дарынды жандарды анықтауға және қолдауға, олардың шығармашылық қызметтеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Бейсембаеваның айтуынша, биылғы жылы байқауға қатысушылар 4 аталым бойынша сынға түсті. «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Үздік жасампаз» және «Ең тату отбасы» аталымдары бойынша байқауға 70 астам қатысушалардан өтініш келіп түсті.

«Ең тату отбасы» аталымы бойынша бас жүлдені Құмарбековтер отбасы иеленді.

«Үздік би» және «Үздік орындаушы» аталымдары жас ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінді. 1-ші топта 6-14 жас аралығындағы, 2-ші топта 14-29 жас аралығы және 3-ші топ 29-45 жас аралығындағы таланттар өзара сынға түсті. 

«Үздік жасампаз» аталымында бірінші орынды Кристина Копылова, Гүлжан Қадырова және Асыл Қоқанова иеленді.

Қазылар алқасының шешімімен «Үздік орындаушы» атағы «Балдырған» триосы, Ақниет Алтынбек және Азамат Темірбаевқа берілді.

«Үздік би» аталымында қазылар алқасы бірінші орынды «Ақ шағала» және «Детство» би топтарына беру туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

 «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» қалалық байқауының үздіктері республикалық байқауға жолдама алды.

 

Хабарламаларға жазылу