Жыл басынан бері Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 43 млрд. теңгенің өнімі өндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 43 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

30.09.2015
 Жыл басынан бері Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 43 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

Кәсіпорындар 21,2 млрд. теңгенің тоқыма бұйымдарын, 17,9 млрд. теңгенің киім-кешегін, 3,7 млрд. теңгенің тері өнімдерін шығарды.

ОҚО аймақтық жеңіл өнеркәсіп кластерін құру үшін «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы тоқыма өндірісімен айналыстан кәсіпорындарды сауықтыру бағытында бірқатар шараларды қолға алды.

Ең алдымен «Textiles.kz» компаниялар тобының кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету, «Ютекс-KZ» ЖШС тоқыма фабрикасының құрылысын аяқтау, «Меланж» және «Ютекс» акционерлік қоғамдарының кәсіпорындарын іске қосу жоспарланып отыр.

«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржылай қолдаудың нәтижесінде бірінші жарты жылдықта 23,6 млрд. теңгеге  115 жобаға қолдау көрсетілді. Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы құны 182 млрд. теңге болатын ұзақ мерзімді 342 келісім жасасқан, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігі.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 22 млрд. теңге болатын 8 жеңіл өнеркәсіп жобасы іске асты. 6,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 1,5 мың жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ АЭА аумағында жалпы инвестиция көлемі 89,3 млрд. теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2015 жылдың аяғына дейін құны 4,4 млрд. теңгенің 2 жобасы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 370 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

    

 

 

Хабарламаларға жазылу