«Жайдарман». Астана қаласы әкімінің кубогі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жайдарман». Астана қаласы әкімінің кубогі

26.09.2015
«Жайдарман». Астана қаласы әкімінің кубогі

10 қыркүйек күні  Астана қаласындағы «Конгресс-Холл» сарайында  «Астана қаласы әкімінің кубогы – 2015» республикалық арнайы жобасы өтті. Шара  «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің және Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Сайысқа  еліміздің әр аймағынан жиналған 15 команда, яғни, 150-ге жуық жайдарманшы қатысты. Олардың арасында «Алмалы», «Үш жүз», «ҚазИИТУ», «Алаш ұлдары», «Грант», «Барыстар», «Чехов аялдамасы», «АТУ құрамасы», «Таң қалмаңыз», «Аграрка сарбаздары», «Құлсары құрамасы», «Фемида», «Болашақ жастары», «Тұран Астана», «Шымкент жастар құрамасы» командалары бар.

Үздік жайдарманшылардың үздік әзілдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:40-та тамашалай аласыздар.

Фото:jaidarman.kz

Хабарламаларға жазылу