Қосман Айтмұхаметов Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосман Айтмұхаметов Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

17.11.2014
Қосман Айтмұхаметов  Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Бүгін аппараттық кеңес барысында Әділбек Жақсыбеков ұжымға жаңа қала басшысының орынбасарын таныстырды.

Елорда әкімі бұрынғы қала басшысының орынбасары Василий Крыловқа атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі.

Біздің анықтама:

Қосман Айтмұхаметов 1963 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысының «Изобильный» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1980-1986 жылдары инженер-құрылыс институтының студенті, 1986-1987 жылдары Ақмола облысы, Бестөбе руднигі, Бестөбе АКП жабдықтау жөніндегі инженері; 1987 жылы Целиноград жүк автобасқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің техникалық қадағалаушысы, инженері; 1991 жылы «АПС» МЧП директоры; 1994 жылы байланыс автобазасының директоры; 2001 жылдан бастап,  «Горкоммунхоз» МКК басқармасы директорының орынбасары, директоры; 2006 жылы «Астана Горкоммунхоз» АҚ басқармасының төрағасы; «Кредит Құрылыс НС» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2008 жылы «Астана Горкоммунхоз» басқармасының төрағасы; 2009 жылы  Ақмола облысы әкімінің орынбасары; 2013-2014 жж. Ақмола облысының әкімі; 2014 жылдың маусымынан бастап, ҚР Өңірлік даму вице-министрі.

«10 жыл Астана» мерейтой медалімен марапатталған.

 

Хабарламаларға жазылу