Бүгін «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойын атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойын атап өтеді

25.09.2015
Бүгін «Балапан» телеарнасы  5 жылдық мерейтойын атап өтеді

Бүгін  Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Балапан» телеарнасы  5 жылдық мерейтойын атап өтеді. Шара барысында ойын-сауықтық бағдарлама, бүлдіршіндерге арналған көрме, түрлі ойындар,  қызықты қойылымдар мен концерт ұйымдастырылады.

Мерейтойға 10 жасқа дейінгі балақайларды шақырамыз.

Ал, сағат 14:30-да өтетін «Балапанның» ертегі әлемі» атты көрмеге қауіпсіздікке байланысты тек 7-10 жас аралығындағы балалар шақырылады (қолөнермен шұғылдану барысында қайшы, жіп, ине пайдалануы мүмкін).

7 жастан төмен балдырғандар сағат 17:00-де өтетін «Туған күніңмен, «Балапан!» атты концертке қатыса алады.

Сондай-ақ, шара аясында ата-аналарға арналған ертегі байқауының қорытындысы шығарылады.

 «Балапан» кішкентай көрермендерін асыға күтеді!

Хабарламаларға жазылу