«Балапан» телеарнасы көрермендерін 5 жылдық мерейтойына шақырады
«Балапан» телеарнасы 25 қыркүйек күні Астанадағы «Қазмедиа» орталығында 5 жылдық мерейтойын атап өтеді. Шара барысында ойын-сауықтық бағдарлама, бүлдіршіндерге арналған көрме, түрлі ойындар, қызықты қойылымдар мен концерт ұйымдастырылмақ.
Мерейтойға 10 жасқа дейінгі балақайларды шақырамыз.
Ал, сағат 14:30-да өтетін «Балапанның» ертегі әлемі» атты көрмеге қауіпсіздікке байланысты тек 7-10 жас аралығындағы балалар шақырылады (қолөнермен шұғылдану барысында қайшы, жіп, ине пайдалануы мүмкін).
7 жастан төмен балдырғандар сағат 17:00-де өтетін «Туған күніңмен, «Балапан!» атты концертке қатыса алады.
Сондай-ақ, шара аясында ата-аналарға арналған ертегі байқауының қорытындысы шығарылады.
«Балапан» кішкентай көрермендерін асыға күтеді!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жапонияда робот әскери жаттығуға қатысты
14.01.2026, 20:44
Алматы облысына 600 млрд теңге инвестиция тартылады
14.01.2026, 20:41
Мемлекеттік қызметтерді чат-бот арқылы алуға болады
14.01.2026, 20:38
Елімізде мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді
14.01.2026, 20:35
Алматыда көлік қозғалысы экологиялық талаптарға сай реттеледі
14.01.2026, 20:34
Елімізде соңғы 5 жылда жол апатынан 12 мың адам қаза тапқан
14.01.2026, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
14.01.2026, 20:28
Ирандағы шерулер кезінде қаза тапқандар саны 2600-ге жетті
14.01.2026, 20:23