Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

21.12.2015
Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Бұл туралы облыстың Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл облыста екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 8 команда, 60 спортшы қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді. Одан кейін сөз кезегін алған «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов пен жарыстың бас төрешісі Юрий Гуськов дүбірлі додаға қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Айта кету керек, Элизабет Тұрсынбаева чемпионатта Қызылорда облысының атынан өнер көрсетпек.

Жарыс ережесіне сәйкес, бүгін спортшылар қысқа бағдарламада өнер көрсетуде. Ертең еркін бағдарлама бойынша сайыстар болады.  Жеңімпаздар есімі ертең анықталады.

Хабарламаларға жазылу