Астана халқының саны 13 мыңға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халқының саны 13 мыңға артты

22.09.2015
Астана халқының саны 13 мыңға артты

Соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 381 635 (44,1 пайыз), «Есіл» ауданы бойынша – 133 402 (15,4 пайыз), «Сарыарқа» ауданы бойынша – 351 002 (40,5 пайыз) адамды құрады.

Жыл басымен салыстырғанда, Астана қаласы халқының жалпы саны  13 157, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 1781 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 6574 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша 4802 адамға артқан. Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында халықтың табиғи өсімі 12 684 адамды, көші-қон өсімі 473 адамды құрады.

Аталған мерзімде Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 149 95 сәби туған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8 пайызға өсіп, 12 684 адамды құрады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөзы қызметі.

2015 жылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында тіркелген некелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға азайды, ажырасулар саны 10 пайызға өскен.

 

Хабарламаларға жазылу