Алматыда велоспортпен шұғылданушылардың саны 90 мыңға жетті - А. Есімов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда велоспортпен шұғылданушылардың саны 90 мыңға жетті - А. Есімов

03.05.2014
Алматыда велоспортпен шұғылданушылардың саны 90 мыңға жетті - А. Есімов
Бес жыл ішінде Алматыда велоспортпен шұғылданушылардың саны 90 мыңға жетті. Бұл - қала халқының 6 пайызы.
 
Бүгін Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне бағытталған веломарафонның ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов осылай деді.
 
«Бұдан бес жыл бұрын велоспортпен айналысатындардың үлесі қала халқының жалпы санына шаққанда 0,5 пайызға жуық  болатын. Ал, бүгінде қалада велосипедтер мен спорттық керек-жарақтарды сататын дүкендердің саны 2,5 есеге артты. Сонымен қатар, велосипед жөндейтін 21 шеберхана жұмыс істейді. Яғни, жаңа жұмыс орындары ашылды. Ең бастысы, алматылықтар  денсаулықтарына көңіл бөле бастады. Веломарафонның басты мақсаты - саламатты өмір салтын насихаттау»,  деді қала әкімі.
 
Бүгінгі веломарафонға барлығы 1,5 мыңға жуық адам қатысты.
 
Естеріңізге сала кетейік, ұйымдастыру комитеті 26 сәуірге жоспарланған веломарафонды ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгінгі күнге ауыстырған болатын.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу