Қазақстандықтардың табысы өсті

18.08.2014
Қазақстандықтардың табысы өсті

Биыл орташа айлық жалақы 13,5%-ға артты.  Яғни бір жұмысшының айлығы 125 мыңға жуықтады. Өңірлер бойыша әртүрлі. Астанада  182 мың теңге, Алматыда - 158 мың теңге. Жоғары жалақы Маңғыстау мен Атырауда 200 мыңнан асады. Ал, ауылшаруашылығы өндірісі басым өңірлерде, жалақы мөлшері орташа.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы және Жамбыл облыстарында 85 мың мен 94 мыңның аралығында. Сондай-ақ, биыл Қазақстан халқының саны да 124 мың адамға артқан. Осылайша қазіргі көрсеткіш бойынша ел тұрғындарының саны 17 млн 284 мыңға жетті.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу