Шымкентте сайлаушылар саны 4 мыңға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте сайлаушылар саны 4 мыңға артты

08.02.2023

Шымкентте мәслихат депутаттығына 108, ал Парламент мәжілісінің депутаттығына 19 азамат үміткер болып тіркелген. Оның 6-ы Қазақстан халық партиясы атынан ұсынылып отыр. Тіркеу мерзімі әлі аяталмағандықтан бұл тізім әлі де арта түспек. Олар қала мәслихатындағы 32 депутаттық мандаттан үмітті. Мегаполисте халық санының көбеюіне байланысты тағы 19 жаңа сайлау учаскесі жасақталды. Сайлаушылар саны 4 мыңнан астам азаматқа артқан. Қазір жергілікті билік органдарының көмегімен сайлау учаскелерінің шекаралары айқындалып, дауыс беретін азаматтар саны нақтылану үстінде.

Қайырбек Құнанбаев, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
Қазіргі таңда 2 округ: №6 және №7 Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне 19 адам тапсырып отыр. Есептеп қарасақ қалалық мәслихатқа 7 адамнан болса, бұл жерде 10 адамнан болып тұр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу